Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоСпорт

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

Қанның қатерлі ісігіне шалдыққан спортшы Николай Жуковтың туысқандары мен жақындары донорларды іздеуде. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі«Костанайские Новости»басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Тобол» клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған. Жуков химиотерапиядан өтіп, сүйек кемігін ауыстырған соң, аурудың беті қайтқан. Бірақ 2019 жылдың шілде айында дерт қайтадан асқынған. Қазіргі уақытта Жуковқа қан тобы III (+) болатын донорлар керек. Қостанайлық «Тобол» футбол клубы ресми сайтында ауыр дертке шалдыққан спортшының еміне қаражат жинала бастағанын мәлімдеді.

Жуковтың басына түскен жағдайға бейжай қарамайтын азаматтар Қостанайдағы Быковсвкий көшесі, 4а деген жерде орналасқан Қан орталығына барып, көмектесе алады.

25 жастағы Николай Жуков жасыл-сары құраманың қосалқы құрамында бірнеше маусым ойнады. Қазақстанның футболдан жастар құрамасына тартылған. Футболдан кеткеннен кейін ол экономиканы оқып, банк саласында жұмыс істеуді жоспарлады.

Комментарий