Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоШоу бизнес

“Димаш ішпейді және шекпейді”: әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Халық мақтанышы, әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері желіде пайда болған суретті қызу талқылауда, деп жазады Stan.kzақпарат агенттігі.

Димаш Құдайбергеннің киіз үйдің ішінде бір топ адаммен түскен суретін жанкүйері “Инстаграмдағы” парақшасына салған. Кейбір желі қолданушыларының көзіне әнші суретте темекі ұстап тұрғандай көрінген.

“Бұл киіз үйдің ішінде, “диарс” бірнәрсе байқадыңыздар ма әлде маған солай көрініп тұр ма?”, — деп жазды rada_satp.dear деген желі қолданушысы.

Диарс (Dears) —  Димаш Құдайбергеннің өнерін жан-жүрегімен жақсы көретін тыңдармандардың аты.

Біраздан кейін бойжеткеннің желідегі жазбасын көптеген жанкүйерлер талқылай бастады.

“Нені ойлап тауып жатырсыздар, ешқандай темекі жоқ. Ол біріншіден темекі шекпейді, екіншіден, киіз үйдің ішінде көпшіліктің көзінше темекімен суретке түспейді”, — деді  kymbat.abdrakhmanova есімді қолданушы.

“Халайық, не шу? Қолында ешнәрсе жоқ. Димаш ішпейді, шекпейді. Кішкене шарап ішетін шығар, сонымен болды. Димаш салауатты өмір салтын ұстанады (…) Аз ұйықтайтыны, уақытылы тамақтанбайтыны ғана жаман. Құдай күш-қуат берсін”, — деп ойын білдірді lyalyalyalya2018.

“Үлкендердің көзінше ол темекі ұстамайтын еді. Солай көрінді”, — деді _botabota_

Жанкүйерлер әншінің ұлттық киіміне де өз бағасын беріп үлгерді. “Димаштың киіміндегі ою қолында темекі бар секілдей елес туғызды — оптикалық алдау”, — деп жазды  galiya_1928.

Пікір қалдырған өзге желі қолданушылары да әншінің қолында ешнәрсе жоқ екенін жазып, оны қорғай түсті.

Комментарий