Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Барма, әйтпесе түтіп жейді”: Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың шахтерлардың алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі Елбасының ресми парақшасына сілтеме жасап,  Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан Назарбаевтың наразылық танытқан шахтерлармен келіссөздер жүргізіп жатқанын көруге болады. Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен.

“Мен Қазақстан компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы ретінде Қарағандыдағы шахтершыларға келгенде орталық алаң толық жиналды. Графиттен қарайып кеткен, бастарына каскаларын киген шахтерлар жер астынан шығып келді. Маған: “Барма, әйтпесе түтіп жейді”, — деп айтқандар болды. Мен: “Түтіп жесін. Бірден бара алмайтын әрі қорқатын жетекші оларға не үшін қажет? Неден қорқу керек? Халықпен кездесіп, сөйлесу керек — мұны барлығымыз білеміз. Олар біздің адамдарымыз ғой, олар бірнәрсеге жауап алғысы келеді”, — деген Назарбаевтың сөздері видео астындағы жазбада жазылды.

24 тамызда Елбасы қазақстандық шахтерларды кәсіби мейрамымен құттықтады. Ол шахтерлардың күрделі жұмысы қоғамда құрмет туғызатынын айта келе, мықты денсаулық пен бақ, береке тіледі.

Комментарий