Аймақ | РегионЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

23 тамызда кешкі уақытта Ақтау жағасында ТЖ орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіинАктау басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға “Stigl” демалыс базасында орын алған. Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 
Куәгерлердің сөзінше, суда шомылған кішкентай қыз ата-анасының назарынан таса қалған. Оны өлімнен жақын маңайда демалып жатқан ер адамдар құтқарып қалды.

“Бір ер адам есінен танып қалған қызды жағаға шығарды. Екіншісі бірінші медициналық көмекті көрсетті. Сосын жедел жәрдем келді. Негізі, барлығы қолдан келгенше көмектеуге тырысты. Барлығы кереме адамдар”, — деді куәгерлер.

22 тамызда “Tree of Life” демалыс базасындағы аквапарктың жанында бес жасар бала өлімнен аман қалды.

Комментарий