Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Қарағандыда 52 жастағы педофил ұсталды

Қарағандыда ойнап жүрген бүлдіршіндерге тиіспек болған педофил қолға түсті.

52 жастағы ер адамның қолға түскені туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

«2019 жылдың 21 тамызында сағат 14:00 шамасында 30 жастағы қала тұрғыны Киров аудандық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің балаларға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасауға тырысқанын айтты. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған адамды полиция бөліміне жеткізді. Ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактіге сәйкес, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дәл қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Комментарий