Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Сот америкалық азаматқа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы америкалық Виктория Шарбонудың Қазақстанда тұру құқығын алу туралы ұсынысына ҚР соты рұқсат берген жоқ.

22 тамызда болған сот отырысында шетелдік Виктория Шарбонуға құжаттарын толтыруда болған қателіктер үшін, сот елімізде тұруға рұқсат бермеген.

Оның сөзіне қарағанда Қазақстанда тұруға  2020 жылдың сәуірінен кейін ғана қайтадан өтініш бере алады.

Виктория Шарбону АҚШ-тың тағы бір азаматшысы Элизабет Турнокпен бірге Тараздағы “Қамқор Жүрек” атты қайырымдылық қорының негізін салған. Бұл қор жалғызбасты аналар мен жетім балаларға көмек көрсетеді. 2017 жылы Виктория Шарбону “Қазақстанға сіңірген еңбегі” үшін “Алтын жүрек” номинациясын алған.

Комментарий