Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Кім көрінгенді алады”: Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Алматы қаласының әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында біліктілігі төмен жүргізушілерді сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қаламызда автобус жүргізушілерімен нағыз проблема туындап отыр. Олардың арасында біліктілігі барлар жоқ. Жұмысқа кім көрінгенді алады. Кейбір жүргізуші паркте түнеп, жол жүрген кезде ұйықтайды. Осының салдарынан көптеген апат болуы мүмкін», – деді әкім.

Мұнымен қатар, Алматы қаласының жаңа әкімі көлік жетіспеушілігін реттеуге уәде берді.

«Осы жылы Қытайдан 200 автобус келеді деп күтіп отырмыз. Автобустар арасындағы интервал 10-15 минутқа қысқарғаны жөн. Сол кезде біз қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесін реттейтін боламыз», – деп қосты ол.

Сондай-ақ, қала басшысы троллейбус паркінің де жаңаратынын жеткізді.

Комментарий