Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Алматы облысының 14 жасар тұрғынының ақ қан дертімен ауырғанына екі жылдан асқан. Осыған дейін қатерлі ісікке шалдыққан жеткіншектің өмірімен еліміздің дәрігерлері күресіп келген. Алайда баланың беті бері қарамағандықтан, ата-анасы шет елдің білікті мамандарына жүгінуді шешіпті, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Магомеджан Гаитов тамыз айының басынан Беларусь астанасы Минск қаласында ем қабылдауда. Денесін дендеген дертті жоюдың алғашқы кезеңінде 40 мың доллар қаражат төлеген. Енді екінші кезеңіне де тура осындай сома қажет. Бірақ, 2018 жылға дейін жедел жәрдем қызметінде фельдшер болған анасы мұндай ақшаның жоқтығын алға тартты. Десе де, жеткіншекті оңалтуға деген үміттің әлі де бар екенін айтқан шетелдік дәрігерлердің сөзінен кейін, бауыр еті баласын сауықтыру үшін көпшіліктен көмек сұрап отыр. 

“Біз дертті емдету үшін шетелдік дәрігерлерге жүгіндік. Олардың арасынан Минск қаласының мамандары көмек көрсетуді ұсынды. Сонысы аз да болса үміт сыйлап отыр. Енді баламды емдеудің екінші кезеңіне 40 мың доллардай қаражат қажет. Мұндай ақшаны төлеуге мүмкіндігіміз болмағандықтан, көпшіліктен көмек сұраймыз”, – деді жеткіншектің анасы Сәдігүл Хасанова.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін үндістандық әйелдің марқұм ұлының жүрегін қазақ қызына сыйлағаны туралыхабарлаған едік.

Комментарий