Аймақ | РегионЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Атырауда 800 млн теңгеге жөнделген драма театры өртеніп жатыр (видео)

Атыраудың орталығында орналасқан драма театр өртеніп жатыр. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Өрттің видеосы облыстық әкімдіктің Telegram-каналында пайда болды.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінде атап өткендей, өрт электр қалқанынан шыққан.

«22 тамыз күні сағат 14:30-да Атырау қаласының «101» пультіне «М. Өтемісов атындағы қазақ драма театрында» өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 2-қабатта электр қалқанынан тұтанған өрт ғимараттың шатырына ұласты. Өрттің болжамды ауданы — 1500 ш.м. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 40 адам мен 7 техника қатысты. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршауға алды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

«Ақ Жайық» порталының мәліметінше, жуырда ғана облыстық драма театрында 800 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.

Комментарий