Аймақ | РегионЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Оқулықта қандала жүр: Ақтаулық ата-аналар күтпеген “сыйлықтан” кейін шу шығарды

Ақтауда №6 мектептегі жетінші сынып оқушыларының ата-аналары берілген кітаптардың ішінен қандала тауып алғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақтау-Лада» басылымына сілтеме жасап.

Әзірге бұл жағдайға қатысты шенеуніктер де, білім мекемесінің әкімшілігі де пікір білдірмеді.

Адамға зияны мол жәндікті 7-сынып оқушысының әкесі кездейсоқ тауып алған.

«20 тамыз күні мектеп кітапханасы бізге оқулықтар берді. Үйге келген соң, олардың ішінде қандала жүргенін көрдік. Кейін мұндай «сыйлығы» бар оқулық бізге ғана тимегені белгілі болды», – деді оқушының әкесі журналистерге.

Осыдан кейін басқа ата-аналар да алған оқулықтардың ішін тексеруге кірісті. Нәтижесінде олардың да алған кітаптарының ішінде түрлі жәндік бары белгілі болды.

Мектеп әкімшілігіне жүгінген ата-аналар олардан мардымды жауап ала алмағанын айтады. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы да бұл жағдайға қатысты пікір білдіруге асығып отырған жоқ.

Комментарий