Без рубрики

Шымкенттік мұғалім демалыста кафеде ыдыс жуып, балаларын асырап жүр

Жаз айларындағы демалысында кафеде ыдыс жуып, нәпақа табатын шымкенттік мұғалім жан сырымен бөлісті. Үш баланың анасы күндіз базарда жеміс сатуға да қолғабыс етеді деп жазады “Замана” басылымы.

Лаураның айтуынша, оны базарда сауда істеп тұрған жерінен оқушылары мен олардың ата-анасы байқап қойған.

Сондай-ақ, басылым мәліметінше, Лаураның күйеуі жоқ екен. Ал балалары әлі жас, барлығы мектепте оқиды.

1 қыркүйек жақындағандықтан ұстаз балаларын мектепке дайындауға жаз бойы жанталасқан. Өз басында төлейтін несиесі тағы бар екенін айтты.

“Күніне 3 мың теңге төлейді. Енді бүкіл мектеп пен ата-аналар білетін болды. Бірақ ол үшін еш қысылмаймын”, – дейді мұғалім.

Комментарий