Құқықтық кеңес | Юридическая консультация

Жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі

ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі туралы» заңның 20 бабына сай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу келесі тәртіппен жүргізіледі.

Бірінші кезекте тіркеуші орган осы заңның 21-бабында көрсетілген жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар тізбесін түгендейді. Бұдан әрі жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеріледі.

Ал жылжымайтын мүлікке қатысты ешқандай мәселе туындамаса тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады. Сосын, тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы жоғарылағы заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізіледі. Құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасалып, жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не аталған заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты шешім қабылдайды.

Соңында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.

Ал құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, электрондық тіркеу жүзеге асырылады.

Электрондық тiркеу нотариус мәмілені куәландырғаннан, мұраға құқық туралы куәлікті немесе меншік құқығы туралы куәлікті бергеннен кейін жүзеге асады. Құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi.

Дмитрий ТЮРИН, Сарапшы-архивариус

Алматы қаласы “Азаматтарға арналған үкімет” МК, Жылжымайтын мүліккке құқықтарды тіркеу бөлімі

 

Комментарий