Елең еткізер | АктуальноШоу бизнес

“200 мың доллар бердім”: Қайрат Әділгерей “Түнгі студияға” қалай кірген?

“Түнгі студия” бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей өзінің жаңа жұмысына байланысты сансыз сұрақ қоятын көпшілікті қалай орнына қоятынын айтып берді. “Жеңіс шоу”бағдарламасына келген әзілкеш жүргізушілік тізгініне қалай ие болғанын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Алты ай жұмыстан кейін теріс пікірлерді қабылдамадым. Тіпті тойларда жүргенде “Нұрланды қайда жібердің?”, “Түнгі студияны қалай тартып алдың?” деп сұрайды.

Сосын мен әзілдеп, “Мен бағдарламаға кіру үшін 200 мың доллар бердім” деп әңгімені жіберемін.

Олар болса таңғалып қалады. Мен Нұрланды қуып жіберіп, өмір бойы “Түнгі студияны” алып қалу үшін жұмыс істеген адам сияқты болып қаламын.

Кейде әдейі интрига жасап, “Уақытша. Ертең Нұрлан қайтып келеді” деп қоямын. Қазіргі таңда арнаның басшылары ауысты. Қазір енді үшінші кезеңді бітірдік”, – деп ағынан жарылды Қайрат Әділгерей.

Естеріңізге сала кетейік, әзілкеш осыған дейін бағдарламаны алғаш жүргізген сәттерде өзін жек көргенін айтып берген болатын.

Комментарий