Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Елбасы шағын ауыл тұрғындарын келешегі бар аймақтарға көшіруді ұсынды

Елбасы перспективасы жоқ ауылдарға бюджеттен қаражат жұмсалатынын атап өтті.

«Бізде 7 700 елдімекен бар, оның 1800-нің перспективасы бар, соларға басымдық беру керек.

Қалғандары – кең дала. Бір жағында – бір ауыл, келесі бетінде – басқасы. Біреуінде – 10 үй, жанында 50 үйі бар тағы бір ауыл тұрады», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол ондаған үйі бар ауылға жол тартып, ол жерде мектептер мен ауруханалар салудың орынсыз екенін жеткізді.

«Бірақ, бұл оларға жағдай жасамау керек деген сөз емес. Оларды келешегі бар аймақтарға көшіру керек – сол жерде мектептер, ауруханалар, жолдар мен инфрақұрылымдар салу қажет. Кеше Асқар Мамин бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді», – деді Елбасы.

Комментарий