Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Жаңа туған сәби анасы емізген соң шетінеп кетті

Ағылшынның Тайнмут қаласында қайғылы оқиға болды. Жергілікті тұрғын жүктілік кезінде ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаған. Ол баласының шетінеуіне себеп болуы мүмкін.

Қыз небәрі бес күн өмір сүргеннен кейін қайтыс болды. Сот барысында баланың ана сүтіне енген дәрі-дәрмектің кесірінен қайтыс болды деген болжам айтылды. Жүктілік кезінде әйел дәрігерлердің ұсынысы бойынша арқасы ауырғаны үшін трамадол қабылдады.

Анасының айтуынша, ауруды басатын дәріні алғаннан кейін ол қызын емізбейтін болды, алайда дәрігерлер одан қорқатын ештеңе жоқ деген қорытындыға келді. Тергеу барысында бала дәрігері іс материалдарымен танысып, бұл дәрі емшек сүтіне еніп, жаңа туған нәрестеге қауіп төндіретінін атап өтті.

Медициналық сарапшы педиатрдың ескертулерін қызды босандырған ауруханаға жіберуге уәде берді.

Трамадол дәрісінің көрсетілімінде бала емізуге (ұзақ қолдану жағдайында)» болмайтыны ескертілген.

Комментарий