Судья мінбері | Судебная система

Жемқорлықтың жолын кесу басты мақсат!

Жемқорлық мәселесі елімізде өте өзекті. Сондықтан мемлекет басшысы да, Елбасы да үнемі үлкен мінберлерден жемқорлық мәселесін қозғап, оның алдын алуға қатысты түрлі ойларын ашық айтуда. Бүгін ғана Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында да партия төрағасы жемқорлық мәселесіне бір тоқталып өтті. 
Демек еліміздегі жемқорлық мәселесі әлі де болса қоғам болып күресуді, кешенді жұмыстар жүргізуді, жемқорлыққа жол бергендерді аяусыз жазалауды қажет етеді. Қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Г. Қыдырмуратова, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы 

 

Комментарий