Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Бес қызынан айырылған нұр-сұлтандық ерлі-зайыпты бала асырап алу үшін құжат әзірлеп жатыр

Жанымгүл Ситер күйеуі Евгениймен бірге балалар асырап алу үшін құжат жинап жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіBnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Иә, бұл рас. Бала асырап алу үшін құжаттарды өткізбедік, әзірге жинастырып жатырмыз. Басымызға сондай ой келді. Бірінші болып ұсынысты мен айтым», – деді әйел адам.

Мұнымен қатар, Жанымгүл күйеуі екеуінің ТБС ашқанын және баланы толықтай қамтамасыз ете алатынын жеткізді.

Нұр-Сұлтан әкімдігіндегілер өз кезегінде олардың бала асырап алуға қаншалықты құқы барын түсіндірді.

«Қазіргі заңнамаға сәйкес, әрбір азамат бала асырап алуға құқылы. ҚР заңнамасымен белгіленген қажетті құжаттарды тапсырып, баланы бағып-қағуға, тәрбиелеуге қажетті жағдайларының бар екенін дәлелдеген жағдайда, сондай-ақ, бала асырап алу органдарының  жақсы қорытындысын алған жағдайда рұқсат беріледі», – деді әкімдіктегілер.

Естеріңізге сала кетсек, 4 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлердің бірінде өрт шығып, бір үйдің бес бірдей қызы көз жұмған еді.

Комментарий