Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоШоу бизнес

“200-300 теңге береді”: Жазира Байырбекова әні үшін алған гонорары туралы

Жазира Байырбекова әні үшін алған гонорары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Жеңіс шоу” бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі өнер иесі Жазира Байырбекова ең алғаш ән айтып, ақша тапқаны туралы айтып берді. Мейрамханада ән айтқан ол бір келіншекке әні ұнап қалып, күнде сол туынды үшін ақша төлеп, әйелдің жұмыстан кейін бір сергіп алатынын айтып берді.

“Теңеймін мен ғашықтарды айдындағы аққуға” деген туған ағам Ербол Байырбековтың әні бар. Соны мейрамханада клавишпен тартып, айтып отыратынмын. Бір әйел келді де, тағы айтшы деп сұрады. Күнде жұмыстан қарапайым жұмыс киімімен кетіп бара жатады да, мейрамханаға келіп, айтып берші деп, 200-300 теңге беріп кетеді”, – дейді Жазира Байырбекова.

Танымал әншілердің ән айтқанына сүйсініп, музыканың техникалық жағын реттеп отыратынын есіне алды әнші. Жазира Байырбекова өзінің өткен күндеріне осылайша шолу жасаған.

“Ол кісінің жұмыстан қайтып бара жатқан уақытында күнде сол әнді айтамын. Сол кездері Ақбота Керімбекова, Саят Медеуов сынды танымал әншілер келіп ән айтып кететін. Біз аппаратураның жанында отыратынбыз”, – дейді Жазира Байырбекова.

Комментарий