Судья мінбері | Судебная система

Сапалы нәтиже сот саласын жаңа сапаға көтерді

Еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағыт жұмыс істеуде. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба, «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды. Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: Атап айтқанда «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру болып табылады. Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда жеті бағыттың ішіндегі “сапалы нәтиженің” маңызы зор! Азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына заңмен кепілдік берілуі, сотының тәуелсіз және әділ болуы тәуелсіз мемлекеттің басты белгілері. Сапалы, дәлелді сот актілерін, өтініштерге жауаптар сот билігінің беделін нығайтуға, қоғамның сотқа деген сенімін қалыптастыруға септігін тигізеді. Халықтың сот жүйесіне сенім деңгейінің жеткіліксіздігі, жекелеген сот актілерінің анық еместігі және уәждерінің түсініксіздігі шешімнің әділетілігіне және судьяның кәсіби деңгейіне күмән келтіреді. Сот актілерінің міндеттілік күшін қамтамасыз ету мәселесі маңызды және өзекті болып табылады. Сапалы нәтиже бағдарламасымен бастау алған жоба сот актілері мазмұнының түсінікті, қарапайым тілмен жазылуын, сондай-ақ тараптарға сот актілерін түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтиды. Сот актілерінің жаңа форматы қарапайым адамға түсінікті форманы қалыптастырады. Жарияланған сот актілерінің заңды тұрғыда қабылдану негіздері тараптарға түсіндірілу негізінде бүгінде апелляциялық шағымдар саны азайды.Жалпы алғанда, сот жүйесінде атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру. Қай жерде кезек көп, қай жерде сот процестері уақытында басталмайды, ақпараттар аз, сол жерде жұмысты ширатуға баса назар аударылуда.

Сот жүйесіне енгізілген барлық жаңашылдықтар мен даму жолдары сапалы сот корпусының құрылып, әлемдік дамыған елдер қатарынан көрінудің бастамасы. Алдағы уақытта қоғамымызда мінсіз судьяның келбеті мен оған  қойылатын басты талаптар анықталып,  тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусы қалыптасып, сот төрелігін атқару кезіндегі судьялардың сыртқы және ішкі тәуелсіздігін заңнамалық, құқықтық және материалдық кепілдіктерін арттыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асып, сот саласы жаңа бір сапалық сатыға көтерілетініне сенім мол.

Сондықтан сот  саласын жаңа бір сапалық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жобасынан әлі де күтер үмітіміз мол!

Шакиров Такен Шайманович, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

 

Комментарий