Елең еткізер | АктуальноШоу бизнес

“Жеңілтектік емес”: Мәдина Сәдуақасоваға анасы қандай өтініш жасады

Мәдина Сәдуақасова анасының өзіне қандай өтініш жасағанын айтты.

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова өзінің қаншалықты ерке екенін айтып берді. Өнер иесін тіпті кіші інісі де еркелететін болуы керек. Осылайша отбасының ерке қызы қалайша халықтың ерке қызына айналғанын айтып берді.

“Біздің үйдегілердің барлығы, тіпті кіші інім, мені ” Ерке қыз” деп атайды. “Ерке қызды шақырыңдар”, “Ерке қызбен ақылдасайық “, ” Ерке қызға айтпаңдар, естімесін ” деп өзара солай сөйлеседі”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Анасы әншіге өтініш жасап, үйде ерке болғанмен, сыртта салмақты болуын сұраса да, өнер иесі еркелігін қоя алмайтынын айтқан. Күллі халық еркелеткеннен кейін өнер иесі  өзгере алмайтынын жеткізді. Әнші қанша жасқа келсе де жұрттың сүйікті, ерке қызы болып қалатынын айтты.

“Кеше анам “Қызым жасың отыз тоғызда, қырыққа келесің, үйде бола берсін, сыртқа адамдарға салмақты болуың керек-ау” деді. Анашым, бүкіл халық еркелетіп жатса, басылмайды ол, солай болып қалам. Жасқа байланысты емес, ең бастысы, бұл жеңілтектік емес деп жауап бердім енді”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Комментарий