Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Баласын құтқарып, өзі іште қалып қойған: ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында көршісі өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты. Бұл кезде әйел ес-түссіз күйде болған.

Оқиға Пролетарка аулында орын алған. 44 жастағы әйел түскі ас әзірлеп, артынша 4 жасар баласымен бірге ұйықтап қалған. Алайда қызы оянып кетіп, үйді түтін басқанын байқапты. Ол анасын оята бастаған. Оянып, үйдегі өртті көрген әйел бөлмеден шығуға тырысқанымен, шыға алмай қалған. Себебі, болжам бойынша асүйден басталған өрт дәлізді шарпыған.

Жағдайы ауыр: ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты

«Сол кезде әйел терезені сындырған. Оттегі кіргендіктен, үйдің ішін тұтастай түтін басып, өрт үдей бастайды. Көршілері терезенің сынғанын естіп, өрт сөндірушілерді шақырып, әйел мен баласына көмекке асығыпты. Осы кезде анасы қызын терезеден итеріп шығарып, өзі іште қалып қойған. Иіс тиіп қалған әйел есінен танып қалыпты», – делінеді хабарламада.

Жағдайы ауыр: ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты

Осы уақытта әйелдің көршісі Алексей Шрамов терезеден үйге кіріп, әйелді көтеріп алып шыққан. Иіс тию белгілері байқалған әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 2 сағаттан астам уақыт жұмсалған.

Жағдайы ауыр: ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты

«Өрт аумағы 135 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны туралы нұсқалар қарастырылуда. Отты пайдалану барысында абайсыздық танытылуы да мүмкін. Алайда баланың сөзінше, анасы плитада түскі ас әзірлеп, артынша ұйықтап қалған. Болжам бойынша, өрт ошағы асүйге, дәлізге жақын жерде болған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді Ұлан аудандық ТЖБ инженері Ерасыл Қадырбеков.

Қазіргі уақытта 4 жасар қыз әкесінің жанында. Олар уақытша көршілерінің үйін паналауда.

Комментарий