Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Таңертең оянбай қалған»: Алматылық альпинист Тянь-Шань тауларында қайтыс болды

Алматылық альпинист Александр Чечулин Тянь-Шань тауларында қайтыс болды, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Facebook желісіндегі«Журнал – Ветер странствий» тобында пайда болды.

Алматылық альпинист топпен бірге Тянь-Шань тауындағы Жеңіс шыңын бағындырмақ болған. Алайда ер адам биікте ауырып қалған. Болжам бойынша, оның өкпесі қабынған көрінеді.

«Топ шатырдың тіреуіштерін жоғалтып алды. Сондықтан шатырдың жабынын жамылып, қар шұңқырында түнеуге тура келді», – делінеді жазбада.

Александр Чечулин 16 тамызда таңертең оянбай қалған.

Ер адам кәсіби түрде альпинизммен айналысқан. Чечулиннің достары мен әріптестері желіде көңіл айтып жатыр.

Комментарий