Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды

Президент конференцияның пленарлық отырысы кезінде ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырды.

«Педагогтар мәртебесін арттыру мақсатында 4 жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын. Заң мен сәйкес шарттар мұғалімдердің өмірін барынша өзгертеді деген ойдамын. Үкіметтің міндеті – барлық қабылданған нормалардың тәжірибе жүзінде іске асуын қамтамасыз ету», – деді Тоқаев.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып жатқан шараға елдің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам ұстаз қатысып жатыр. Олардың ішінде мектеп, колледж мұғалімдері мен ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үздік ұстаздарды марапаттады.

Комментарий