Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматыда имам Қазақстан мұсылмандар одағының басшысын мешіттен қуып шықты

– Тез арада мешіттен шығып кетіңіз! Есі дұрыс сұрақ қоюдың орнына, үнемі осындай қырт сұрақтармен жұрттың басын ауыртасыз!

Бұл оқиға жақын күндері Алматыдағы үлкен мешіттердің бірінде орын алды. Оқиға мұсылмандарға қатысты көптеген «қысыр сөздердің» авторы, Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібековтің басынан өткен.

Мешіт имамы мен Мұрат Телібековтің арасындағы сұрақ-жауап төмендегідей:

– Құрметті имам, мешітте отырғанда неге аяқты Меккеге қарата созып отыруға болмайтындығын түсіндіріп беріңізші?

– Егер адам олай істесе мұсылмандардың қасиетті орындарына құрметсіздік болып табылады, – деп жауап берді ойланбастан.

– Ал мешітте Құбылаға арқасын беріп тұрса ше?

– Арқасын беріп тұрса болады. Бұл мәселеде күнә көріп тұрған жоқпын.

– Бірақ «бұл тұрыста артым Мекке жаққа бағытталады ғой!» деп мен күмәндандым…

– Егер артыңыз тырдай жалаңаш болса күнә болады. Ал ыштаныңыз болса, рұқсат!

– Ал егер ыштанымда тесік болса ше?

– Кішкентай тесік ешнәрсе қылмайды. Егер үлкен жыртық болса міндетті түрде жамау керек.

– Ал егер менің аяғымда шұлығым болса, Қағба тарапына аяғымды соза берсем бола ма?

Имам бірден ойланып қалды да «жоқ, болмайды», – деді.

– Неге?! Бұтың жабық болса болады, ал аяғың жабық болса болмайды? Айырмашылығы жоқ қой?!

– Сіздің сұрақтарыңыз қоғамда күмән ұялатады. Бұл фитна! Арандатушылық! – деп имам ашуланып шыға келді. – Тез арада мешіттен шығып кетіңіз! Есі дұрыс сұрақ қоюдың орнына, үнемі осындай қырт сұрақтармен жұрттың басын ауыртасыз!

Комментарий