Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Гонорардың орнына берді”: Азамат Сатыбалды көлігін көрсетіп мақтанды

Қызыл көліктің жанында түскен суретін желідегі парақшаларының біріне жүктеген Азамат Сатыбалды бұл еңбегі үшін алған марапаты екенін айтқан. Гонорардың орнына көлік алып қуанғанын жеткізді ол. Осылайша өнер иесі көлігін көрсетіп мақтанған.

“Осылай болып қалды ені. Айгүл Аксамбиева гонорардың орнына машинасын беретін болды”, – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Продюссерден ақшаның орнына көлік алған Азамат Сатыбалдыға жұрт пікір жазып, құттықтауларын жаудырды. Желідегілерге актердің көлігі ұнап қалған сияқты.

“Көлік жақсы екен”, “Құтты болсын”, “Жарасып тұр”, “Бұйырсын, жақсылыққа мініп, еңбегіңіз бағалана берсін”, “Ер азаматқа бергісіз қыз екен”, “Гонорарыңыз жаман емес”, “Шынайы еңбектің бағаланғаны тамаша ғой”, “Сіз керемет актерсіз”, – деп пікір білдірді жұрт.

Комментарий