Видеогалерея

“Венецияда ояндық”: Нөсер жауыннан кейін Алматы көшелерін су басты (видео)

Алматыда нөсер жауынның салдарынан қаланың кейбір көшелерін су басты. Қала тұрғындары су басқан көшелердің видеосын жариялауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік шаһарда кешкі уақытта басталған жаңбыр түні бойы жалғасты.

Нөсер жауынның салдарынан кейбір көшелерді су басып қалған. Жүргізушілер Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысы, Райымбек батыр даңғылында жиналып қалған жаңбыр суының видеоға түсіріп алған. Instagram желісіндегі kris.p.almaty паблигі су басқан көшелердің видеосын жариялады.

 

«Алматыда ұйықтап, Венецияда ояндық», «Жыл сайын осы жағдай қайталанады. Қашанға дейін жалғасады? Өзім жолда әрең жеттім. Бұл әлі жаз. Қыркүйек келгенде не болады?», «Егер осы апта бойы жаңбыр жауса Алматы су астында қала ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

 

Айта кетсек, Райымбек даңғылында су басуының салдарынан жол апаты орын алып, салдарынан 4 адам зардап шекті.

Комментарий