Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы жеткіншек көз жұмды: Полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкент полициясы емшіге емделіп жүрген 13 жастағы жеткіншектің көз жұмуына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бүгінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 12 тамызда 13 жастағы жеткіншектің неден көз жұмғанын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізуде.

«Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 104-бабы 1-тармағына (Абайсызда қазаға ұшырату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінеді полиция хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы жеткіншектің көз жұмғанын хабарлаған едік.

Комментарий