ДетективЕлең еткізер | АктуальноКОНКУРС ДЕТЕКТИВ

Детектив шығармаларға байқау жарияланады!

Байқау! Байқау! Байқау!
Детектив шеберлеріне берілген таудай мүмкіндік!
“Заң газетінің” 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың биылғы жүлде қоры қомақты. Қосымша жүлде тағайындаймын деушілер де табылып жатыр.
Кімдер байқауға қатыса алады?
Үміткерлердің жасына, мамандығына шектеу жоқ. 
Шығармаларға қойылатын талап қандай?
Ұсынылған шығарманың бұған дейін басқа байқауларға қатыспауы, газет-журнал беттерінде жарық көрмеуі шарт. А4 қағазында 14 кеглмен жазылған шығарманың 10 беттен аспағаны дұрыс.
Үміткерлер өз туындысын қарашаның соңына дейін zangazet@mail.ru, ainursem@mail.ru пошталарына жібере алады.
Байқау тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланады деп күтілуде.
Бәріңізге сәттілік!

Комментарий