Әлемде | В миреТағдыр | Судьба

Бетін әжім басып туған қызды қатарластары келекетіп, оны “әже” атайды

Камбоджиде сирек кездесетін ауру түрімен бетін әжім басқан қыз туылған. Бірақ оны туыстары әлі бірде-бір рет дәрігерге апармаған, деп Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

10  жасар Бо Ракчиннің түрі егде жастағы әйелге ұқсайды. Қызға нақты диагноз қойылмаған. Өйткені оны ешуақытта дәрігерге апарып көрсетпепті.

Боның айтуынша, оны түріне қарап барлығы келекететін көрінеді.

«Үйде әпкем мен інілерімнің ішінде мен кәрі көрінемін. Сол үшін де олар мені «апа» деп атайды. Кейін бетіме ота жасатып, әдемі болғым келеді», – дейді қыз.

Қыздың туыстары мен жергілікті монах ауруға қарғыс себеп болған дейді. Сондықтан бойындағы ренішті жеңіп, оған қарсы жүру керек дейді. Солай қыз өткен өмірін ұмыта алады деп ойлайды екен.

Комментарий