Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Үшеуі балалар: Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам көз жұмды

Алматы облысында Алматы – Бішкек тасжолында ірі жол-көлік апаты болды.

Shacman жүк көлігі Бішкек бағытында жүріп келе жатқан. Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, қарама-қарсы келе жатқан Mazda 626 әрі-бері қозғалып, кенет дөңгелегіне келіп соғылған. Қатты соққыдан дөңгелектері ұшып кетіп, Shacman жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Жеңіл көлік жол-көлік оқиғасынан кейін танымастай күйге түсті. Mazda 626 және Shacman жұк көлігі Алматы – Бішкек тасжолының 84-километрінде соқтығысты. Жол апатынан 5 адам көз жұмып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Көз жұмғандардың үшеуі бала екені белгілі.

Комментарий (3)

  1. Айдана

    Иманды болсын

  2. Айдана Жақсылық

    Иманды болсын

  3. Айдана Жақсылық

    Журегімай

Комментарий