Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Сайттан пойыз билетін сатып алу мүмкін емес: ҚТЖ не істеу керегін түсіндірді

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметіндегілер сайт арқылы билет ала алмай жүргенін айтып шағымданғандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желі қолданушылары ҚТЖ сайты арқылы билет ала алмай жатқанын айтып шағымданған-ды.

«Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан тәуліктің кез келген уақытында сатып алуға болады», – деп көрсетеді ҚТЖ.

Сондай-ақ, 1 тамыздан бастап аталған сайт арқылы бұрын сатып алған билеттерді 45 күн ішінде басып шығарып немесе қайтарып беруге болады. Бұдан өзге аталған сайттың артықшылығы – жолаушылардың «Күту парағында» өтінім қалдыра алатыны.

«Ұлттық тасымалдаушы бір-бірін көшіретін epay.railways.kz  және bilet.railways.k билет сататын сайттардан тек біреуінің қалатынын хабарлайды. Еpay.railways.kz сайты 2019 жылдың 25 қыркүйегінде жабылады. Сайттарды ауыстыру мақсатында 2019 жылдың 1 тамызынан бастап ол жұмыс істеп тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда «Күту парағы» арқылы 20 000 қазақстандық билет сатып алды. Аталған механизм билеттер сатылымда жоқ кезде оларды иеленуге мүмкіндік береді. «Күту парағына» пойыз жүрерден 7 күн бұрын жазылу қажет. Бұл ереже қызмет түрін шектен тыс қолданып кетпеу үшін жасалып отыр», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Talgo жолсеріктерінің бір күні туралы материал әзірлеген едік.

Комментарий