Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматыда кеңсе тауарлары бар қоймадан өрт шықты

Алматыда кеңсе тауарлары бар қойма өртеніп жатыр.

101 басқару пультіне “Самғау” (Құрылысшы) ықшамауданындағы Көкорай көшесінің бойындағы өрт туралы хабарлама 05.06-да түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 400 шаршы метр аумақты алып жатқан екі қабатты қойманың шатыры өртеніп жатқанын анықтады.

“Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникасы 1-бистің өсуіне сәйкес “Алматы Тазалық” екі цистернасы сумен жабдықтады. Өрт қойманың батыс бөлігіндегі құрылым бөлшегінің қирауымен және қосымша сумен жабдықтау құралдарының болмағандығынан өрши түскен.

Өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторының аумағында жақын орналасқан құрама жем сақтау қоймасына өрттің таралуын болдырмау үшін шаралар қолданды. Сағат 06:28-де өрт ауыздықталып, 07:09-де өрт тоқтатылды. Барлығы 50 адам және 12 техника жұмылдырылды”, – дейді хабарламада. Ешкім зардап шеккен жоқ.

tengrinews.kz

 

Комментарий