Саясат | Политика

Президент жарлығымен Бірғаным Әйтімованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Бірғаным Әйтімова енді сенат депутаты емес. Асқар Бейсенбаевтың да депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әйтімова Бірғаным Сариевна мен Бейсенбаев Асқар Асанұлының депутаттық өкілеттігі тоқтатылды», – делінген сайтта.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келесі депутаттардың:

Громов Сергей Николаевич;

Ким Георгий Владимирович;

Куставлетов Дулат Рашитұлы;

Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлының өкілеттігі тоқтатылды», – делінген хабарламада.

 

Комментарий