Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Көк-Төбедегі өрт: 30 адам мен 6 техника жалынды сөндіріп жатыр

Алматыдағы Көк-Төбе баурайынан өрт шықты. Жалынды сөндіруге 30 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Тікұшақта қосылатын болды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласының ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Көктөбеден шыққан өртке қатысты желідегі парақшасында жазды.

 «Барлығыңызға денсаулық тілеймін! Біз Көктөбеде шыққан өртті сөндіріп жатырмыз. Өрт шыққан жер биікте және жолдардан алыс орналасқан. Сол себептен жағдайды қиындап жатыр. Өрт сөндіруге 30 адам мен 6 техника жұмылдырылған», – деді Серік Әубәкіров facebook парақшасында.

Сондай-ақ, жалынды ауыздықтауға тікұшақ та қосылады. Өрт туралы хабарлама ТЖК баспасөз қызметіне 11 тамыз күні сағат 14.28-де келіп түскен.

Комментарий