Қоғам | Общество

Бір күнде үш бала терезеден құлап кетті. Оның екеуі қайтыс болып кетті

Қазақстанда бір күннің ішінде үш бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 10 тамызда ШҚО-ның Алтай қаласында, Шымкентте, Қарағанды облысының Абай қаласында орын алған.

Бесінші қабатты үйдің балконынан құлап түскен 2018 жылы туған сәби оқиға орнында көз жұмған.

Шымкентте де “Нұрсат-3” шағын ауданында 2014 жылы туған бала 8-ші қабаттан құлап қайтыс болған.

Ал Абай қаласында екінші қабаттан құлап түскен бала бірнеше жерінен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр екені айтылды.

Мамандар баланы үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды ескертті.

Комментарий