Қоғам | Общество

«Әйелімен ұрысқан адамнан қаныпезер жасайды»: желі қолданушысы қоғамдық пікір жайлы сөз қозғады

Ол әйелдерімен ұрысатын ер адамдарға деген көпшіліктің пікірі қандай болатынын айтты.

Samat Nurtaza есімді желі қолданушысы әйелдерімен ұрысатын ер адамдарға деген көпшіліктің пікірі қандай болатынын айтты.

«Өсек деген қызық құбылыс. Өсек тарала бере, өтірік қоспаларға ие болатын қасиеті болады.

Бір адамды әйелімен ұрысты деген өсек тарайды. Екінші адам оған “әйелін ұрыпты” деп қосады. Үшінші біреу “ол ылғи ұрып соғады екен” деп қосады. Төртінші адам “ішіп алып ұрыпты” деген тұздықты қосады. Бесінші адам “баласының көзінше ұрыпты” деп тағы қосады. Алтыншы адам болса, фантазиясын қосып “Аяғымен тепкілепті” деп таратады.

Нәтижесінде, қоғамдық пікір, жәй ғана әйелімен ұрысқан адамнан қанпезер маньяк жасап береді. Өмір қызық ә», – деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Комментарий