Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату үшін: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жолдаудың қандай тақырыптарға арналатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 
«2 қыркүйекке жоспарланған халыққа жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», – деді президент. 
Естеріңізге сала кетсек, жолаушыны зорлаған Тальго жолсеріктерінің оқиғасы Қазақстан қоғамында резонанс тудырған болатын. 

Комментарий