Құқық | Право

11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметінің сыртқа шығып кеткеніне қатысты түсініктеме берілді

Арман Әбдірәсілов Желіге жеке мәліметтерді «қотаруға» Орталық сайлау комиссиясының қатысы бар екенін хабарлаған еді.

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы кезінде 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметінің жарияланып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputniknews.kz.

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры Арман Әбдірәсілов Желіге жеке мәліметтерді «қотаруға» Орталық сайлау комиссиясының қатысы бар екенін хабарлаған еді.

«Сайлаушы-азаматтардың бірыңғай электронды реестрі Орталық сайлау комиссиясының серверлерінде болады, олар барлық ақпаратты қорғау шараларын қарастырады және сыртқы байланыс құралдарына, соның ішінде Интернетке қосылмаған. Сайып келгенде, ОСК серверлерінен деректердің сыртқа шығуы мүмкін емес», – деп атап өтті комиссия.

Соған қарамастан ОСК ішкі тергеу жүргізген, Орталық сайлау комиссиясының серверлеріне рұқсатсыз кіру жағдайы анықталмаған.

Комментарий