Елең еткізер | АктуальноЖаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Экс-депутат Сатыбалды Ибрагимов қайтыс болды

Шымкентте экс-депутат Сатыбалды Ибрагимов көз жұмды, – деп хабарлайды “Отырар”.

Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов 1940 жылы 13 наурызда Сайрам ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты. Ол Украинада №8 кәсіби техникалық училищені және Мәскеуде П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.

Сатыбалды Ибрагимов өз карьерасын Теміртауда металл қорытушы болып бастаған, кейін жетекшілік қызметтерде істеген. 1988-2000 жылдар арасында “Қазақаймақ” фирмасының вице-президенті, “Кармет-Оңтүстік” компаниясының президенті, “Қазхром” компаниясының президенті қызметтерін атқарған. Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының мүшесі болған.
tengrinews.kz

Комментарий