Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Бір дәптер 5500 теңге: Алматылық екінші сыныптың жұмыс дәптерінің қымбаттылығын айтып, шағымданды

Алматы тұрғыны екінші сынып оқушысының жұмыс дәптерлерін 16 мың теңгеге алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жинаққа математика, музыка, ғылым, орыс тілі, әдеби оқу (Алматы кітап баспасы), өзін-өзі тану, әлемді тану, көркем шығарма, ағылшын және қазақ тілдеріндегі жұмыс кітаптары (Көкжиек Горизонты баспасы) кіреді.
«Қажетті деген жұмыс дәптерлерін бізге сынып жетекшісі берді. Қарбалас басталмай тұрғанда сатып алайын деп шештім. Бірақ бағаларын көріп жағамды ұстадым. Он жұмыс дәптері 16 мың теңге шығады деп есептер берді.  Өзіміздің ата-аналар чатында кейбіреулері бұл жинақты базардан 6,5 теңгеге алуға болатынын айтты».

Дәптерлердің ішінде «Көкжиек горизонт» баспасынан шыққан қазақ тілі жұмыс дәптері “Балапан” қымбатқа түскен. Алматыдағы кітап дүкендерінің бірінде оны 5500 теңгеге бағалаған. Бір дәптердің өзіне осындай ақша кетеді екен, бұл сұмдық емес пе дейді алматылық.

Алайда, «Көкжиек горизонт» баспасының дүкені өздерінде қазақ тілінің жұмыс дәптері 3 950 теңге екенін айтады. Ал басқа дәптерлер 1000 және 2000 теңгеге дейін барады екен. Дүкен желісінің жетекшісі дәптерлерді алып-сатарлар қымбатқа сатып отырғанын жеткізді.

Комментарий