Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Арыста белгісіз зат жарылды: Ер адам зардап шекті

Арыста қоқысты өртеу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан ер адам жарақат алды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзініңFacebook парақшасында айтты.

Кеңесшінің айтуынша, оқиға кеше түнде болған. Қоқысты жағу кезінде белгісіз зат жарылды.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Оған жеңіл дене жарақаттары диагнозы қойылған (аяғы мен қолы жарақаттанған). Оны дәрігерлер тексеріп, қажетті көмек көрсеткен соң үйіне жіберді.

Арнайы қызметтер сол жерде жұмыс істеді. Әзірге нақты не жарылғаны белгісіз.

Комментарий