Әлемде | В мире

Қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырған 24 жастағы бойжеткен қайтыс болды

Оның жанұясы құрамына тағы бір адаммен толысуына дайындала бастады.

Ұлыбританияда оқып, жұмыс істеген Латвия тумасы асқазанында өсіп жатқан қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырған. Соның салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Байба Краупса өзін жүктімін деп есептеп жүргенде 24 жаста еді. Қыз анасы Иветаға (Ивета Краупса) жүкті екенін айтып қуантады. Оның жанұясы құрамына тағы бір адаммен толысуына дайындала бастады.

Алайда алғашқы ультрадыбыстық тексеру кезінде әйелде қатерлік дерттің агрессивті түрі бар екендігі анықталды. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қала алмады, ол 22 шілдеде қайтыс болды. Оның анасы, туыстары мен достары Байбаның өлімін ауыр қабылдауда. Ивета өзінің қызын барлық адамдармен тез тіл табысқыш, еркін қыз ретінде сипаттады.

«Ол әрқашан өзінің мүдделерін бірінші орынға қойып, адамдарға қамқорлық жасады», – деді Крис Янг, Краупса жұмыс істеген Jack Murphys барының менеджері.

Комментарий