Талқыдағы тақырып

Кеңесшілердің тең жартысы қазақтар болса да қазақша сөйлейтін адам іздеп шуласып қалды

“Технодомға” тоңазытқыш таңдауға кіріп едім қасыма орысша шүлдірлеген бір кеңесші қазақ жігіт жетіп келді. Мен онымен қазақ тілінде сөйлескім келетінін аңғартсам да әлгі бауырым шүлдірлеуін қояр емес. Содан қазақша түсіндіруін талап етсем, “я по казахский не понимаю” деп бетіме бажырайып қарап тұр. Бұдан ары шыдамым жетпеді, бастықсымағын тауып алдым да қазақ тілінде ақпарат беретін кеңесші жіберуін өтіндім. Қаптаған кеңесшілердің тең жартысы қазақтар болса да әлгілер өз арасынан қазақша сөйлейтін адам іздеп бір-біріне соғылып шуласып қалды. Ақыры жаңадан “стажер” болып жұмысқа кіргеніне екі күн болған бір жігітті алып келді. Әлгі бала көзі бақырайып не айтарын білмей өзінше бірдемені түсіндірген болып жатыр. Ал шындығында қай тоңазытқышты алатынымды бұған дейін таңдап қойған едім. Сонда да әлгі баланың кеңесі бойынша сатып алғандай сыңай танытып, кетерімде ол жігітттің аты-жөнін сұрап алып “тілектер тақтасына” “қазақ тілінде өте жақсы түсіндірді, рақмет” деп жазып кеттім.

 

Ермек Құрманғалитегі

 

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий