Қоғам | Общество

Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды

Сарапшылар Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек ресурсын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Жарияланған тізімде бірінші орында заңгерлер тұр. Былтырғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған.

Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техниктер-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ға жуық) бар.

Ал жоғары сұранысқа ие мамандықтарға бүгінде экономистер, шаштараздар, қаржы қызметкерлері, тігіншілер мен техник-технологтар кіреді.

Бұдан бөлек, сарапшылар сатушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, эколог, инженер-экономист мамандықтарға да сұраныстың төмен екенін айтады.

tengrinews.kz

 

Комментарий