Қоғам | ОбществоҚұқық | ПравоСаясат | Политика

Тоқаев Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатаң сөгіс жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сәкен Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарды. Арыстағы жарылысқа байланысты бірнеше қызметкерге сөгіс берілді.

Бұл туралы Stan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының өз міндеттерін тиісінше орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі олқылықтары үшін Арыс қаласындағы әскери бөлімде оқ-дәрілердің жарылуына және қаланың ірі көлемде жойылуына әкеліп соқтыруына байланысты:

1. Қазақстан Республикасының бұрынғы қорғаныс министрі Жасұзақов Сәкен Әділханұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жүйесінен босатылды.

2. Қатаң сөгіс жарияланды:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Бектанов Мұрат Кәрібайұлына;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Мүкеев Мұрат Жалелұлына;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары – Жанжүменов Талғат Жеңісұлына.

Комментарий