Құқық | Право

16 жастағы немересі компьютер үшін атасын пышақтап тастады

Украинаның Николаев облысында 16 жастағы жиен немересі компьютерді өшіргені үшін атасын пышақтап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТСН телеарнасы.

Зейнеткер қызы екеуі жиенінің үйіне қонаққа келген. Сөйтіп ауладағы арам шөпті шабуға жиенін көмекке шақырады. Алайда, жасөспірім ойынға беріліп отыра берген. Сол кезде атасы компьютерді өшіріп тастағанда, оған  ашуланғаннан пышақтап тастаған.

“Ол пышақ алып, атасының кеудесіне бес рет сұққан. Екі соққы жүрекке тиді”, – дейді Максим Евграфов.

Жедел жәрдем қызметі келгенше зейнеткер оқиға орнында көз жұмған. Жасөспірім не болғанын түсініп, полицияны өзі шақырыпты. Ол жасаған әрекетін мойындап, қатты өкінген.

“Жасөспірім адам өлтіріп қойғанын түсінген ол полиция қызметін шақырды. Өз қылмысын толықтай мойындады”, – дейді Новоодеск полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Көршілер осы уақытқа дейін бұл үйде ұрыс-керіс болмаған деп отыр. Бірақ 16 жастағы жасөспірімнің тұйық болғанын айтуда. Ол Николаев ауданындағы колледжде компьютер мамандығында оқыпты.

“Атасы бөлек тұрды. Бірақ ол үнемі көмектесетін. Зейнеткер сабырлы адам еді. Балаларды тәрбиелеу үшін ғана ұрысатын”, – дейді көршісі.

Комментарий