Қоғам | ОбществоҚұқық | Право

Арыс тұрғындары үйлерінің жөндеу жұмыстарына қатысты шағымдарын айтты

Арыс тұрғындары үйлеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын Арыстан Асанов үйінің шатыры төселгенімен, қабырғалары әлі де шытынап тұрғанын айтады. Ол осымен жөндеу жұмыстары бітсе, үйінің құрылысы аяқталмай қалып қоя ма деп алаңдайды.

«Үйдің тек шатырын ғана жөндеді. Ал оны ұстап тұратын тіреуіш жоқ. Маманды шақыртқанмын. Келіп қарады. Біра барлық жұмысты ертеңге қалдырып жүр», – дейді Асанов.

Ал Саодат Каиповтың үйіне әлі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Маман келіп қарап кеткенінмен, енді солардың шешімін күтіп отыр екен.

«Үйге келіпи тексеріп кетті. Бірақ тек терезелердің әйнегін ғана ауыстыратындарын айтты. Терезенің сыртын да қаптап беруді сұраған едім, болмайтынын айтты. Енді қашан келіп жөндеу жұмыстарын жасайтыны белгісіз»,  – дейді Саодат.

Басылымның хабарлауынша, Арыстың жағдайын тексеруге келген Асқар Маминге он адам кездесуге барған. Олардың жартысы премьер-министрдің кабинетіне кіргенімен, кейбіреулері тек сырттан сығалапты. Барлығын үйілеріне жөндеу жұмыстарын жасай ма, жоқ па деген сұрақ толғандырады.

Асқар Мамин жиналыста үйдің жөндеу жұмыстарына қатысты шенеуніктерге тапсырма берді. Ол тамыз айының соңына дейін Арыс тұрғындары үйлеріне кіруін қадағалауды тапсырды.

Комментарий