Құқық | Право

Әйелдің киімін киген жазасын өтеуші түрмеден қашып кетпекші болды

Есірткі сатумен айналысқан 73 жастағы Клаувино да Силва әйелдің маскасын киіп, түрмеден қашпақшы болған. Ол өзін туған қызы ретінде таныстырған, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі Globo сайтына сілтеме жасап.

Ол Рио-де-Жанейродағы түрмеде жазасын өтеп жатқан.

Оған әйелдің маскасы мен жасанды шашты келушілердің бірі берген. Ол өзін 19 жастағы қыз ретінде көрсетіп, түрмеден біржола қашып кетпекші болады. Басында оған ешкім мән бермеген. Алайда, шыға берісте оны тексерушілер ұстап алған.

Полиция осыған қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Комментарий