Қоғам | ОбществоҚұқық | Право

Атырау облысында түйелер қырылып жатыр: Себебі белгілі болды

Атырау облысында түйелердің жаппай қырылу себептері белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агентігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

инистрліктің мәліметінше, түйелер танауындағы шынымқұрттардан қырылған. Бүгінгі күні «Республикалық ветеринарлық зертханасында» Атырау облыстық филиалында зертханалық зерттеулер жүргізілуде.

«Атырау облысында 3-28 шілде аралығында 19 түйенің өлімі тіркелген. Ал бүгінде жағдай тұрақты және өңірлік мал дәрігерлік қызметтің бақылауында. Жүргізілген сараптамалар қорытындысы жануарлардың аса қауіпті ауруға шалдықпағанын көрсетті. Ал Маңғыстау облысындағы түйелердің өліміне алкалоид себеп болған. Ол – құрамында азоты бар органикалық зат. Түйелер содан уланған. Шынымқұрттар – мұрын қуыстарының паразиттері, әр түрлі жануарлардың: қой, түйе, жылқы, бұғыға зиянын тигізеді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрынАтырауда түйенің қырылып жатқанытуралы хабарланған болатын.

Комментарий