Экономика

Алдағы айда доллар тағы 7 теңгеге қымбаттай ма? Сарапшылар жауап берді

5 тамызда доллар жаңа рекорд орнатты. Қазақстандағы америкалық валюта 388 теңгеден сатылды. Сарапшылар ұлттық валютаның одан әрі құлдырауын болжады.

Сарапшылар ұлттық валютаның әлі де құнсызданатынын болжайды. Ауырбас орындары қазірдің өзінде долларды 388 теңгеден сатуда. Қазақстандық валюта бұлай құнсызданбаған. Бірақ қазақстандықтар валюта бағамдарының өзгеруіне көңіл бөлуді доғарған сияқты. Айырбастау бағамының көтерілуіне қарамастан, толқулар болмады. Ең көп зардап шеккендер – «жасыл» валютаға шикізат сатып алатын кәсіпкерлер.

Астаналықтар бұдан былай долларға таласпай жүр. Ал, елордалық кассирлердің айтуынша, шетелдік валюта тапшылығы байқалмайды. Бірақ теңгенің құнсыздануы әлі күнге дейін өмірге кері әсерін тигізеді дейді жергілікті тұрғындар.

Біршаматеңгенің құнсыздануы кәсіпкерлердің қалтасына тиеді. Көптеген адамдар шикізат пен өнімдерді шетелден сатып алады.

Сарапшылар ұлттық валютаның құлдырауын мұнай нарығының құлдырауымен және Ресей рублінің әлсіреуімен байланыстырады. Айырбастау бағамының әлсіреуіне АҚШ пен Қытай арасындағы нашар сауда қатынастары да әсер етеді. Мереке маусымы долларға деген сұранысқа да әсер етеді дейді сарапшылар. Рамазан Досовтың айтуынша, келесі айда ұлттық валюта бірден жеті позициядан айырылуы мүмкін.

«Кейбір оқыс жағдайға ұшыраған жағдайда, курс қалай болатынын айту қиын. Келесі айда оқыс жағдай болмаған жағдайда +/- 2%. Яғни, сарапшылар +/- 7 теңге бағамы бойынша күтеді. Сондықтан доллар 400 теңге болады, не болмайды деп нақты айту қиын», – деді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдаушысы Рамазан Досов.

Жалпы мамандар мұндай бағамның тамыз айына тән екенін айтады. Бірақ күздің ортасында, оқыс жағдайлары болмаған кезде, сарапшылар теңгенің нығаюын болжайды.

Комментарий